Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында мектебімізде 11.12. 2021ж ұстаздар мен оқушылар арасында “Екі Жұлдыз”⭐️ән байқауы ұйымдастырылды. Байқауға мектебіміздің белсенді жастары 6 жұп өнерпаз 💫өтініш білдіріп, бақ сынасты. Мақсаты:
Аталған іс- шара жас әншілердің Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, патриоттық әндерді насихаттау, жастардың қызығушылықтарын арттыру, талант иелерін таныту, орындаушылық шеберліктерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылды.
Байқаудың шарты бойынша, 1 – бөлімде қазақ композиторларының шығармаларынан Патриоттық бір ән орындаса,🎤2 – бөлімінде еркін тақырыпта бір ән🎤орындалды.
Байқау қорытындысы бойынша барлық өнерпаздар жүлделі орындармен марапатталды.