№22 орта мектебінде 05.09.-13.09.2023 жж аралығында педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (22.12.2022 № 513 өзгерістермен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қағиданың (22.12.2022 № 513 өзгерістермен)
118-тармағына сәйкес және 102,103,104,119,120 тармақтармен танысып хабарландыруда көрсетілген құжаттарды 05.09.-13.09.2023ж аралығында қағаз түрінде жолдай алады:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Мектептегі бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының «enbek.kz»,мектептің ресми aktobe22.edu.kz сайты арқылы білуге болады;
Жоғарыда көрсетілген тізбедегі құжаттарды жинап, 05.09.-13.09.2023 ж аралығында төменде көрсетілген мекен-жайда орналасқан мектептің қабылдау бөліміне тапсыруға болады.
Ақтөбе қаласы. Шернияз Жарылгас-улы көшесі 29 тел 73-04-28, 87052377213