Қош келдіңіздер!

BILIM QAZYNA

Бүгін, ағымдағы жылдың 1 қараша күні “BILIM QAZYNA “ КММ ның жоспарына сәйкес,директордың ғылыми -істері жөніндегі орынбасарларының кезекті әдістемелік отырысы “Республикалық пәндік олимпиадаға дайындаудағы жасанды интеллектті пайдалану жолдары“ тақырыбында 5 – топтың ұйымдастыруымен : №8 ОМ, №11 ОМГ, №14 ОМ , №22 ОМ, Ғ. Актаев ат. №6 МГ , №42 ОМ, №52 ОМ қатысуымен №42 ОМ базасында өтті.

Әдістемелік отырысты “BILIM QAZYNA “ КММ директордың ғылыми-істері жөніндегі орынбасарларының жетекші әдіскері Б.Т.Ералина, №42 ОМ директоры А.Т.Куштаев алғы сөзбен ашты.

Семинар 5-топ отырыс жетекшісі Л.С.Кудайбергенова және №42 мектеп директорның ғылыми-істер жөніндегі орынбасары А.Ш.Жумакешова ұйымдастыруымен өтіп, қала бойынша 55 мектептен ДӘІЖО қатысты.
Әдістемелік отырысқа “Физика -математикалық бағытындағы Назрбаев Зияткерлік мектебінің” информатика пәні мұғалімі Н.А. Ұзақбаев келіп,өз тәжірибесімен бөлісті.