04.11 күні Бракераж комиссиясының құрамы мектеп асханасына мониторинг жұмысын жүргізді. Мақсаты: екінші тоқсан бойынша асхана дайындығы. Азық түліктерге сертификаттың болуы.Тез бұзылатын өнімдердің сақталуы мен дайындалуы мерзімін анықтау. Тексеру барысында мұздатқыш жабдықтардың жай-күйі, асхана қызметкерлерінің арнайы киімдерінің болуы, ыдыс-аяқтардың жағдайы, азық-түлік сапасы тексерілді.