Қош келдіңіздер!

15.11.2024 жылы “22 ОМ” КММ” 9-11 кластарға арналған “Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық және оларға қарсы қылмыстардың алдын алу” тақырыбында Ақтөбе қалалық прокуратурасының прокуроры Ләйлә Тұрарқызы Ақдәулет кездесу өткізді

15.11.2024 жылы “22 ОМ” КММ” 9-11 кластарға арналған “Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық және оларға қарсы қылмыстардың алдын алу” тақырыбында Ақтөбе қалалық прокуратурасының прокуроры Ләйлә Тұрарқызы Ақдәулет кездесу өткізді. Кездесуде кәмелетке толмаған оқушыларға қатысты қылмыс түрлерін, оған қандай жаза мен жауапкешілікке тартылуы туралы, бұдан басқа нашақорлықтың зиянын,есірткі және синтетикалық заттарды қолдану,сақтағаны үшін қандай жаза қолданылатындығы, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердін жыныстық қатынасқа түсудің жауапкершілікке тартылуы туралы айтылып, ұрлық-қарлық, бопсалау т.б. қылмыстың түрлерін презентация арқылы түсіндірді. Мектеп директоры Неталина Э.Б. қосымша ақпараттар айтып, кездесу соңында оқушылар көкейінде жүрген сұрақтар қойып, жауаптарын алды.
Кездесуге Ақтөбе қалалық прокуратурасының прокуроры Ләйлә Тұрарқызы Ақдәулет ,мектеп директоры Неталина Э.Б., директордың тәрбие орынбасары Шаманова Э.Ж., класс жетекшілер, 9-11 кластардан 150 оқушы қатысты.