Ағымдағы оқу жылында дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін республикалық “Ақберен” байқауына мектебіміздің 10 “А” сынып оқушысы Молдабек Құндыз көркем сөз бағыты бойынша қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Құндызды жетістігімен құттықтап, биік белестерді бағындыра беруіне тілектестігімізді білдіреміз! Жарайсың, Құндыз!
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шамғонова Ақсамал Айбекқызы