Қош келдіңіздер!

“Менің атым – Қожа”

Қарашаның 28-і күні 22орта мектебі 5А класында мектеп кітапханашысы Б.Н.Қожиева мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Л.К.Құрымбаеваның ұйымдастыруымен жазушы Б.Соқпақбаевтың “Менің атым – Қожа” хикаяты бойынша оқырмандар конференциясы өткізілді.Оқушылар оқыған хикаяттары мен “Менің атым – Қожа” киносы бойынша ой бөлісіп, кейіпкерлерге талдау жасады. Шығармадан үзінді оқылып, фильмнен көрініс көрсетілді. Оқушылар пікір алысты, оқығандарымен бөлісті.Кітапханашы апайға зор алғыс білдірді.