Қош келдіңіздер!

Игі іс жасауға ат салысып, қолдау білдірген ата-аналарына мың алғыс!

Әлеуметтік желіде қызу жасалып жүрген заманауи тренд аясында мектебіміздің 9 «Ә» сынып оқушылары тәтті сыйлықтарымен тосын сый жасап, өз кабинеттерін тазалайтын кіші қызметкер Жұлдызхан апайға керемет көңіл-күй сыйлап, алғыстарымен бірге шынайы ризашылықтарын білдірді. Әр баланың жүрегінде осындай ілтипат пен үлкенге құрмет, еңбекбекті бағалау мен қадірлеу сынды асыл қасиеттер болса, барша жанға үлгі болары сөзсіз! Көбісі байқай бермейтін осындай жауапты жұмысты бағалап, елеп, алғыстарын айтқан 9 «Ә» сыныбына Жұлдызхан апай шынайы ризашылығын білдірді. Игі іс жасауға ат салысып, қолдау білдірген ата-аналарына мың алғыс! Қамқорлық жасаудан қашпай, жақсылық жасап жарысатын жастар көп болсын! Жетекшісі: Шамғонова Ақсамал Айбекқызы.