Бүгін мектепте қаңтардың 20.01-24.01 аралығында өтетін “Қазақ тілі – халықтың үні”атты апталықтың ашылуы болды. Ұстаздар мен оқушылардың назарына ән мен күйден шашу шашылып, жырдан моншақ төгілді. Үстіміздегі жылы аталып өтетін еліміздің арда азаматтарының мерейтойлары атала отырып, М.Дулатұлының “Оян, қазағына” 11А класс оқушылары жүректі қозғар қойылымын көпшілік назарына ұсынды.Мектеп түлегі Елембай А. домбырадан күй төксе, кешті әдіс бірлестігі әдемі әнмен өрнектеді. Шара соңында 6 “А” класс оқушылары Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған “Туған ел” әнімен аяқтады. Көрермен апталықтың ашылу салтанатынан ерекше әсермен тарады. Толығырақ