Қош келдіңіздер!

Хабарландыру

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым министрінің  2017 жылғы 27 шілдедегі №355  ( білім Министрінің бұйрығыменен енгізілген өзгерістермен 2018 жылғы 2 сәуірдегі  №123, ҚР Оқу-ағарту министрініңм.м.а. 2023 жылғы 1 наурыздағы № 56 бұйрығы)  бұйрыығымен бекітілген  “Қамқоршылық кеңесінің  жұмысын ұйымдастырудың  және оны білім беру  ұйымдарында сайлау тәртібінің  үлгі ережелеріне “ сәйкес “№22О”КММ 2025-2026 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрылуы  жіне оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды.

“№22О”КММ қамқоршылық кеңесінің  құрамына ұміткерлердің ұсыныстарын  қабылдау  Ақтөбе қаласы, Шернияз Жарылғасұлы, 29 мекенжайы бойынша жүргізіледі.   

Электронды мекенжайы: school22akt@yandex.kz, байланыс телефоны: (87132467905)

Қамқоршылық кеңестің мақсаты:

1) білім беру ұйымының жарғы қызметтерін іске асыруына көмек беру;
2) білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымның педагогика ұжымы және оқушылар үшін қажетті жағдай жасау;
3) білім беру ұйымының материалды-техникалық базасын нығайту, қаржылай қамтамасыз ету;  

4) білім беру ұйымының әрі қарай дамуы үшін жәрдем ету;

            Қамқоршылық кеңесінің негізгі бағыттары

1) әлеуметтік-мәдени және сауықтыру шараларын өткізуде білім беру ұйымына көмек көрсету;   

2) тәрбие және білім саласындағы халықаралық қатынасты орнатуға және дамытуға жәрдемдесу;  

3) халықтың осал топтарынан шыққан оқушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналастыруға көмектесу;

4) білім беру ұйым жұмысындағы кемшіліктерін жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу.

            Қамқоршылық кеңестің міндеттері:

  • Білім беру үдерісін ұйымдастыруға және жетілдіруге жәрдем көрсету;
  • Білім беру ұйымына педагогика қызметкерлерінің  және оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға жәрдем ету;
  • Білім беру мекемесіне педагогика және басқа да қызметкерлердің еңбек жағдайын ұйымдастыруға және жақсартуға көмек көрсету;
  • Білім беру мекемесіне мәдени-сауықтыру, туристік-экскурсиялық және спорттық-көпшілік шараларын ұйымдастыруға көмектесу;
  • Білім беру мекемесіне материалды-техникалық базасын жетілдіруге жәрдемдесу; (аббаттандыру және жарықтандыру т.с.с.);
  • Білім беру мекемесін дамыту және білім үдерісінің аса тиімділігін қамтамасыз ету үшін бюджеттен тыс қаржы алу; 
  • Білім беру мекеме оқушыларының,тәрбиеленушілерінің және қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмек көрсету.

Қамқоршылық кеңестің құрамына мүше болғыңыз келсе, төмендегі ұсынысты толтыруыңыз сұралады

                                                                  «№22ОМ» КММ

 директоры Э.Б.Неталинаға

_____________________________

                                                                 (өтініш берушінің аты жөні)

                                                                  тұратын жері __________________

                                                                   ______________________________

                                                                                                           (көше,үй пәтер)

 

                                                       Ұсыныс

Мен_____________________________№_______________________________                                           (жеке куәліктің қашан, кіммен берілген)

         «№22ОМ» КММ  қамқоршылық кеңестің құрамына өз кандидатурамды ұсынамын. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру   және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» негізінде кеңестің мүшелігіне кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкестігімді растаймын.

___________________(тегі, аты-жөні)

_____________ (қолы)

«___»__________________2025ж