Добро пожаловать!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне — 30 жыл толу құрметіне орай және ҚР Тұңғыш Президенті күніне мерекесіне арнап ‘№22 орта мектеп’ КММ дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектеп жастары арасынд

29.11.2021ж.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне — 30 жыл 🇰🇿толу құрметіне орай және ҚР Тұңғыш Президенті күніне мерекесіне арнап «№22 орта мектеп» КММ дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектеп жастары арасында “Тәуелсіздік жастары” атты мектепішілік спорттық эстафеталық көңілді сайыс өтті.
Мақсаты: жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру;
ұйымшылдыққа, достыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Жастардың патриоттық сезімін одан әрі жаңарту, ел мақтанышы мен жеңіс жаршысы болу үшін ұмтылуға бағыттау.
Жоғарыда аталған спорттық эстафетаға мектебіміздің жас мұғалімдерінен 3 команда қатысты. Спорттық сайыс кезінде көрерменге керемет көңіл-күй мен ерекше әсер қалдырарлық
түрлі тартысты турлар, қызықты ойындар мен ойыншылар және ойын барысында есте қаларлық жеңіске ұмтылған жастардың әсерлі сәттері көрерменді таң-тамаша қалдырды. Аталған сайыс бойынша әр турдың нәтижесін төрешілер назардан тыс қалдырмай әділ бағалады. Нәтижесінде:
3️ орын -«Еңбек» командасы,
2 орын -«Сәттілік» командасы,
1️ орын — «Намыс» командасы.
Алдағы уақытта да жастарымыз талай қызықты іс-шаралар өткізіп, ел Тәуелсіздігі мерекесіне аянбай белсенділік көрсетеді деп сенеміз. Мереке баршамызға құтты болсын! Ұлтымыздың тарихын тербеткен Тәуелсіздік мәңгілік жасасын!