Добро пожаловать!

30.11.2021 ж. күні ‘№22 орта мектеп’ КММ Казакстан Республикасының Тәуелсіздігіне -30 жыл толу құрметіне арнап мектепішілік оқушылар арасында ‘Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік’ атты ұлттық би байқауы ұйымдастыры

30.11.2021 ж. күні «№22 орта мектеп» КММ Казакстан Республикасының Тәуелсіздігіне -30 жыл толу құрметіне арнап мектепішілік оқушылар арасында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты ұлттық би байқауы ұйымдастырылды. Мектеп сыныптарынан бұл сайысқа 15 номер шығып бақ сынады. Олардың арасында дара, жұппен, топпен билеген бишілер де болды. Барлық би қазақша нақыштағы ұлттық киіммен қамтылған. Оқушылар өздерінің белсенділігін барынша көрсетіп, көрерменге тамаша көңіл-күй сыйлай білді.
Би байқауына төрелік еткен төрешілер: «Балдаурен» МДҰ хореографы-Ә.Б.Даулова, директордың оқу оқу-ісі жөніндегі орынбасары-А.З.Тастемирова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-Ж.Рашидқызы.
Би байқауына қатысушылар 1-4, 5-7, 8-11-сыныптар арасында жас ерекшелігіне қарай бағаланды. Қатысушылардың барлығы дипломмен, алғыс хатпен марапатталды.
Ұйымдастырушылар: Ш.Ищанова, А. Шамғонова, С.Шарапқанова.
Тәуелсіздік мерекесі баршамызға құтты болсын, еліміздің мерейі үстем болсын, өнерлі бүлдіршіндердің талабына нұр жаусын!