Добро пожаловать!

09.12.2021 жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай “Дарын” орталығының ұйымдастыруымен Шығармашылық академиясы ғимаратында Ақтөбе облысының дарынды балаларының “Тәуелсіздікке тартуы” атты республикалық жеңімпаздарды марапаттау іс -шарасы өткізілді.

Шара барысында олимпиадалар мен түрлі білім сайыстарында бақ сынап, жүлделі орындарды қанжығасына байлаған жеңімпаздар облыс әкімі атынан марапатталып сертификатына ие болды. Солардың қатарында КММ #22 орта мектебінің 11 “А” класс оқушысы Турдубаева Маанай марапатталды. Біз үшін үлкен қуаныш! Жеңісті күндеріміз көп болсын! Мектеп әкімшілігі.