Добро пожаловать!

«Ауыл мектебі-үздік білім сапасы» облыстық ғылыми-тәжірибелік орталықтың бағдарламасы бойынша және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 11.12.21 жылы

«Ауыл мектебі-үздік білім сапасы» облыстық ғылыми-тәжірибелік орталықтың бағдарламасы бойынша және
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 11.12.21 жылы
Ақтөбе қаласы, №22 ОМ КММ базасында «Дарынды бала — Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы» тақырыбында облыстық онлайн ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылды.
Конференцияны Ақтөбе облыстық ғылыми -тәжірибелік орталығының әдіскері Туржанова Балзия Саудабаевна және қалалық ғылыми — тәжірибелік әдіскері Медеуова Ақмарал Султангерейқызымен мектеп директоры Э.Б.Неталина және директордың оқу-әдістемесі бойынша орынбасары Л.С.Кудайбергенова, дарынды балалармен жұмыс жетекшісі Г.Т.Алипованың ұйымдастыруымен осы іс-шара жоғары деңгейде өтті. «Мектептегі оқу-
әдістемелік жұмыстарды тиімді ұйымдастыру бағыттары», «Дарынды балалармен жұмыстардың жүйесі» тақырыптарында жұмыстың кезеңдерімен бөлісті. Мектебіміздің мұғалімдері К.С.Камысбаева, Г.М.Аметова, Б.М.Бекбосынова,
А.А.Сулим, Л.В.Дамирова, А.С.Бекегулова, А.А.Шамғонова өз тәжірибелерімен бөлісіп, ғылым-тәжірибелік жұмыстарын паш етті.
6, 8, 10, 11 сыныптардың жүлделі орындарға ие болған дарынды оқушылары ғылыми-ізденістері бойынша өз жұмыстары мен нәтижесін бөлісті.
Іс-шараға мектептің студент түлектері
Қ. Жұбанов атындағы университеттің 2-курс студенттері Н.Жайлыбаева, Қ.Құдайбергенов және Қазақ-орыс халықаралық университетінің 3- курс студенті А.Куслеева қатысып, ізденіс жұмыстарын университет қабырғасында әрі қарай жалғастырып жүргенін айтып, оң нәтижелерімен бөлісті. Бұл студенттердің осындай мектеп табалдырығынан ашылған дарынын өзге салаға кетіп сөндірмей, одан әрі дамытып жүргеніне іс-шарамыздың құрметті қонақтары дән риза болды.
Шараның соңында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Балзия Туржанова қорытынды сөз алып, конференцияға қатысушыларға сертификаттар мен Алғыс хат тапсырды. Конференцияға ауыл және шағын жинақты мектептер мен Ресурстық орталықтар және магниттік мектептердің директорының орынбасарлары мен мұғалімдерін қосқанда 300 тыңдаушы қатысты.Осы конференцияның жүйелі, сапалы өтуіне белсенділік көрсеткен қатысушыларға алғыс білдіреміз.
Ұйымдастырушы:Құдайбергенова Л.С, Алипова Г.Т