Добро пожаловать!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында мектебімізде 11.12. 2021ж ұстаздар мен оқушылар арасында “Екі Жұлдыз” ️ән байқауы ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында мектебімізде 11.12. 2021ж ұстаздар мен оқушылар арасында “Екі Жұлдыз”⭐️ән байқауы ұйымдастырылды. Байқауға мектебіміздің белсенді жастары 6 жұп өнерпаз 💫өтініш білдіріп, бақ сынасты. Мақсаты:
Аталған іс- шара жас әншілердің Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, патриоттық әндерді насихаттау, жастардың қызығушылықтарын арттыру, талант иелерін таныту, орындаушылық шеберліктерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылды.
Байқаудың шарты бойынша, 1 — бөлімде қазақ композиторларының шығармаларынан Патриоттық бір ән орындаса,🎤2 — бөлімінде еркін тақырыпта бір ән🎤орындалды.
Байқау қорытындысы бойынша барлық өнерпаздар жүлделі орындармен марапатталды.