Добро пожаловать!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 13.12.21 жылы КММ # 22 орта мектебінде Жас Ұлан бірыңғай балалармен жасөспірімдер ұйымының қабылдау салтанатты жиынымен “Тәуелсіздік — тұғырым” атты мер

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 13.12.21 жылы КММ # 22 орта мектебінде Жас Ұлан бірыңғай балалармен жасөспірімдер ұйымының қабылдау салтанатты жиынымен “Тәуелсіздік — тұғырым” атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. 🔶Салтанатты жиынға 2 және 5 сынып оқушылары “Жас Қыран”, “Жас Ұлан” ұйымына қабылданып, ұйымның төсбелгілері мен галстуктер тағылды.
🔷Республикалық ұйымның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Шараға қатысқан оқушылар саны- 120.
Мұғалімдер саны -25.
Патриоттық әндер шырқалып, жұлдызды жас мамандар флешмоб билеп,6 “Ә” класының оқушылары “Мәңгілік ел жастары” хорымен шараны аяқтады.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,егемендігіміз еңселі болсын!Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!