Добро пожаловать!

“№22 ОМ” КММ-де “Отбасылық білім беру” тақырыбында көпбалалы әке “Шашу” халықтық-отбасылық ансамбілінің жетекшісі Жетесов Омірхан Наримановичпен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты- Отбасы тәрбиесінде

24.12.2021 ж. “№22 ОМ” КММ-де “Отбасылық білім беру” тақырыбында көпбалалы әке “Шашу” халықтық-отбасылық ансамбілінің жетекшісі Жетесов Омірхан Наримановичпен кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым-қатынасты жақсарту. Ата-ананың мектеппен байланысын дамыту, бала тәрбиесіндегі әке орның ерекшелігіне назар аударту.
Кездесуде мектеп әкімшілігі, психологтар, Анаға тағзым орталығынан психолог және ата-аналар қатысты.
Іс-шара барысында мектеп психологі Украинцева И.А. қатысушылармен тренинг өткізді, әрі қарай кездесуге келген қонағымыз Жетесов Омирхан Нариманович сөз алып, бала тәрбиесімен ой бөлісті. Анаға тағзым орталығының психолог маманы Қали Бибигуль Маратовна ата -аналармен әңгіме жүргізді. Ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып маңызды жауаптар берілді. Кездесуде мектеп директоры, мектеп әкімшілігі, Анаға тағзым орталығының психологі, ата-аналар қатысты. Кездесу жоғары деңгейде өткізілді.