Ақтөбе қаласы №27 орта мектеп-лицейінде 1-11 сынып оқушылары арасында “Қазақ ауылы” сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа мектеп оқушылары, ата-аналар өте белсенді қатысып, Наурыз тойын ұйымдастырды. 1-сыныптар “Төле би ауылы”, 2-сыныптар “Қазыбек би ауылы”, 3-сыныптар “Әйтеке би ауылы”, 4-сыныптар “Керей мен Жәнібек ауылы”, 5-сыныптар “Қасым хан ауылы” 6-сыныптар “Хақназар хан ауылы”, 7-сыныптар “Тәуекел хан ауылы”, 8-сыныптар “Есім хан ауылы”, 9-сыныптар “Жәңгір хан ауылы”, 10-сыныптар “Тәуке хан ауылы”, 11-сыныптар “Кенесары хан ауылы” болып, тарихқа сапар шеге отырып, ұлттық киімдерін киіп, бұйымдарын тағынып, ұлттық ойындар ойнап, түрлі дәмдерін ортаға салды. Қарттарымыз құт пен береке, бақыт пен молшылық тілеп, бүлдіршіндер бар өнерлерін ортаға салып, күмбірлеген күй тартып, мың бұралып биледі.
Ұлыс оң болғай, ақ мол болғай!