Добро пожаловать!

«Основные принципы составления краткосрочного планирования»

2024-2025 оқу жылына арналған мектепішілік жоспар бойынша 31.10.2024ж. педагог-зерттеушілердің ұйымдастыруымен «Основные принципы составления краткосрочного планирования» тақырыбында жас мамандарға арналған оқыту семинары өткізілді. Алғы сөзді мектеп директоры Неталина Э.Б. және директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Кудайбергенова Л.С. ашты. Мектеп психологы Шайзада А.Д. ұстаздарды психологиялық тренингпен қарсы алды. Миға шабуыл әдістерін ағылшын пәні мұғалімі Танирбергенова А.Б. , негізгі құжаттармен жұмыстану , ҚМЖ құру бойынша тарих пәні мұғалімі Бекбосынова Б.М., Формативтік әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалну жолдарын химия- биология пәні мұғалімдері Жульмагамбетова А.К., Дамирова Л.В., география пәні мұғалімі Майорова А.Е. , КТЖ мен электрондық журналды толтыру нұсқаулығын қазақ тілі пәні мұғалімі Аметова Г.М., бастауыш класс мұғалімі Таженова Г.Б. терең тоқталып түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазақ тілі пәні мұғалімі Шамғонова А.А. кері байланыс ала отырып, ұстаздардың пікірі тыңдалды. Семинар барысында ұстаздар өзара пікір алмасып , өз ойларын ашық білдірді . Семинарды ұйымдастырушы педагог-зерттеуші мұғалімдерге өз ризашылықтарын білдірді.