Педагогтердің құжатарын қабылдау конкурстық негізде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Мектептегі бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының «enbek.kz», https://hr.nobd.edu.kz/, мектептің ресми сайты «https://aktobe22.edu.kz/», мектептің ресми инстаграм парақшасы «school_number22» арқылы білуге болады.
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен кейін жеті жұмыс күні ішінде 27.01-04.02.2026 жж аралығында қабылданады.
Конкурс өткізілетін орын : Ақтөбе қаласы, Шернияз Жарылғасұлы, көшесі 29
Тел : 8(7132)46-79-05
E-mail: school22akt@yandex.kz
Көркем еңбек пәні мұғалімінің лауазымдық міндеттері – оқушылардың жалпы мәдениетін қалыптастыру, көркемдік-эстетикалық талғамын дамыту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік білім беру стандарты мен бағдарламаларға сәйкес сабақтарды жоспарлап, өткізу арқылы оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, материалдарды тиімді пайдалануға үйрету.